Алматыда мейрамхана өртенді

0
28

Алматы қаласы Бостандық ауданында орналасқан «Мимино» мейрамханасы отқа оранды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 5 минутта келіп, тілсіз жауды ауыздықтаған.

«31 шілде 17:16-де Алматы қаласының ТЖД күштері мен құралдары Бостандық ауданы, Орбита шағын ауданына жоғары дабыл бойынша жіберілді. Құтқарушылар оқиға орнына 5 минутта жетіп, мейрамханаға жапсарлас салынған мангал орналасқан үй-жайдың 42 шаршы метрі отқа оранғанын анықтады. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Өрт 8 минут ішінде оқшауланып, 17:32-де толығымен жойылды», — деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу