Жамбыл облысында тоқыма кластері дамиды

0
71

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Халықаралық біліктілік және креативті индустрия орталығының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Жамбыл облысының шетелдік компаниялармен сауда-экономикалық әріптестікті, тығыз өңіраралық өзара байланысты нығайтуға баса назар аударылды.

Аймақ басшысы Халықаралық біліктілік және креативті индустрия орталығының басшысы Ерік Өтембаевпен поляк компанияларымен екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге қатысты, нақтырақ айтқанда тау-кен және химия өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік кешен, машина жасау, логистика салаларындағы ынтымақтастық әлеуетіміз бен жоспарларды талқылады.

Сондай-ақ, тараптар ауыл шаруашылығы техникаларын шығару, қоқыс өңдеу кәсіпорындарын салу бойынша жобаларды іске асыру үшін жан-жақты мүмкіндіктерге көңіл бөлді.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу