Түркияда мейрамханадағы жарылыстан 5 адам көз жұмды

0
17

Түркияның Егей теңізі жағалауында орналасқан Измир қаласында мейрамханада жарылыс болып, 5 адам опат болды, деп хабарлайды SOZBE-SOZ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

60-тан астамы жарақат алды. Апатқа тұрмыстық газ баллонының жарылуы себеп болған. Оқыс оқиға кесірінен ғимараттың айналасында орналасқан 11 тұрғын үйге зақым келген. Енді мамандар ғимараттардың қандай жағдайда тұрғанын зерттеуі тиіс. Жағдайға байланысты тергеу басталды. Жергілікті арналардың хабарлауынша, бір күдікті ұсталған. Ол бір күн бұрын осында газ баллонды ауыстырған.

Бұзылған ғимараттарда тұрып жатқан азаматтарымызды уақытша арнайы орындарға орналастырдық. Қазір оқиғаға қатысты жан-жақты тексеру жүргізіп жатырмыз. Жарылыстың қалай орын алғаны тыңғылықты сараптамадан кейін ғана белгілі болады, – дейді Измир губернаторы Сүлейман Элбан.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу