Отырарда тұрғын үй өртенді

0
43
12 тамыз күні  Отырар ауданы, Мыңшұқыр ауылы, Ұ.Арғынбеков даңғылы бойында орналасқан №5 көпқабатты тұрғын үйдің 3 қабатындағы №18 пәтерінен өрт шыққан.
Өрт пәтердің қылтимасынан (балкон) шығып, 11 шаршы метр алаңды қамтып, өрттің жылдам күш алу салдарынан тұрғын үй шатырын түгел қамтыған.
Оқиға орынына Отырар аудандық өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жетіп, өрт алаңы сағат 14-39-да оқшауланып, 14-51-толығымен сөндірілді.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі өрттің шығу себептері анықталуда.

Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына пәтерлердің бірінде тұрған газ баллоны әсер еткен. Айта кетейік, Отырар ауданының аумағына табиғи отын 2020 жылдың желтоқсанынында келген. Соған қарамастан Отырар ауданының біраз ауылдарында табиғи отын әлі жоқ.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу