14 жасар футболшы МЛС-те дебют жасады

0
53

МЛС-тегі «Филадельфия Юнион» командасының жартылай қорғаушысы Каван Саливан 14 жасында дебют жасады.

Ол «Нью-Инглэнд Революшн» командасына қарсы ойынның 85 минутында алаңға шықты. Ойын Саливанның командасының пайдасына 5:1 есебімен аяқталды. Осылайша Саливан жаңа рекорд иесі. Осыған дейін МЛС-тегі рекорд «ДиСиЮнайтед» ойыншысы Фредди Адуға (14 жас 307 күн) тиесілі еді.

Каван Саливан 18 жасқа толған кезде англиялық «Манчестер Сити» командасының жейдесін киеді

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу