«Москвич» жаңа көлік шығармақ

0
80

Ресейлік «Москвич» автокөлік зауыты жаңа көлік шығаруға дайындалып жатыр. Ол – «Москвич-5» кроссовері. Автозауыт директоры Олег Масляковтың айтуынша жаңа көлік 2024 жылдың алғашқы жартысында сатылымға шығады.

«Москвич-5» — бұл ортакөлемді кроссовер. Келер жылдың алғашқы айларында конвейерден шығады» деп атап өтті Олег Масляков.

"Москви 5"

Кроссовердің қандай болатыны жазда таныстырылған болатын. Сол кезде «Москвич 5-те» 1,5 литрлік екі турбиналық мотор болатыны айтылған болатын.  Бірінші деңгейлі жабдықта тек вариатормен болса, екіншісі — екі муфтасы бар 6 жылдамдықты «роботпен» ұсынылған. Айта кетейік, кроссовер алдыңғы жетекті.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу