Шымкентте құрылыс дүкендері мен қойма өртенді

0
69

Шымкентте 17 қаңтарға қараған түні алапат өрт болды. Салдарынан төрт дүкен мен қойма өртенді.  Қалалық ТЖД-ға өрт туралы хабар түнгі 01:15-те түскені анықталды. Қаладағы құрылыс заттарын сататын «Евролюкс», «Гармония», «Марморит», «Медина» дүкендері мен қойма өртенген. Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, өрт шарпыған аумақ 1300 шаршы метрге жеткен, ғимараттың жалпы ауданы — 1400 шаршы метр. Өртенген құрылыс дүкендері мен қойма Ескі қала аумағында орналасқан.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу