Студенттерге жатақхана алу үшін өтініш жазудың қажеті жоқ

0
64

Бұдан былай, студенттерге жатақханадан орын алу үшін қағазға жазбаша түрде өтініш жазудың қажеті жоқ. Енді оларға  электронды үкімет сайтында телефон нөмірін тіркеп, SMS алуға мүмкіндік берілмек.

Студентке өтініш жазудың қажеті жоқ. Олар электронды үкімет сайтында телефон нөмірін тіркеп, SMS ала алады. Өтініштерді қабылдау онлайн форматта жүзеге асырылады.

«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларында орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа осындай түзетулер жобасы қоғамдық талқылау үшін жарияланды.Телефон нөмірін тіркегеннен кейін студент автоматты түрде мемлекеттік қызметті көрсету туралы хабарлама алады. Ол тек келісімді немесе қызмет көрсетуден бас тартуды жіберуі керек, содан кейін қажетті құжаттарды ұсынады.

Қазір ережеге сәйкес, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының ақпараттық жүйелері және электрондық үкімет порталы арқылы өтініш қабылданады және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі беріледі. Өтініш берушіге 24 сағат ішінде жауап беріледі.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу