Жанармай құю бекетінен қайырымдылық жәшігі ұрланды

0
60

Астанадағы жанармай құю бекеттерінің бірінен қайырымдылық жәшігі ұрланды. «Аяла» қайырымдылық қорына ақша қалдыруға арналған шағын жәшік жанармай құю бекетінің дүкенінде болған.

– Ол сенімді әрекет жасап, дүкенге кірісімен күлімсіреп амандасып, арам ойын білдірмеуге тырысқан. Оның аңқылдаған түрін көрген сатушылар науқас балаларға арналған қайырымдылық қорабын ұрлайды деп тіптен ойламаған. Түскен арыздың желісімен тергеушілер 62 жастағы ер адамды анықтады. Оның Астанада осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталуда. Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – дейді Алматы аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Әзілхан Қазиханов.

Белгілі болғандай ер адамның бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу