Ауа райына байланысты 7 облыста жол жабылды

0
97

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 7 облыста республикалық маңызы бар 20 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясынан мәлім етті.

Абай облысы – жалпы ұзындығы 2176 км 7 автожол.

  1. Облыс бойынша барлық бағытта (дизелді отынмен жабдықталған қоғамдық және өзге де көліктер үшін)

Шығыс Қазақстан облысында – жалпы ұзындығы 1238 км 7 автожол.

  1. Облыс бойынша барлық бағытта (дизелді отынмен жабдықталған қоғамдық және өзге де көліктер үшін)
  2. Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатон-Қарағай-Рахман қайнарлары — Берел ауылы — Рахман қайнарлары. (Барлық көлік түрі үшін)

Жетісу облысында – жалпы ұзындығы 158 км 2 автожол

  1. «Алматы-Өскемен» — Үшарал қ.-Абай обл. шек. (дизелді отынмен жабдықталған қоғамдық және өзге де көліктер үшін)
  2. Үшарал-Достық — Көктұма б.-Достық б. (барлық көлік үшін)

Қарағанды облысында— жалпы ұзындығы 103 шақырым 1 автожолда.

  1. «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» — Қарқаралы ​​қ-Абай обл. шек.(Дизелді отынмен жабдықталған қоғамдық және өзге де көліктер үшін)

Қостанай облысында – жалпы ұзындығы 83 шақырым 1 автожол.

  1. «Жезқазған-Петропавл» — Ұлытау обл. шек. — Арқалық қ. (көліктің барлық түрлері үшін)

Павлодар облысында – жалпы ұзындығы 160 шақырым 1 автожолда.

  1. Омбы-Майқапшағай — Кенжекөл к.-Абай обл. шекарасы (Дизелді отынмен жабдықталған қоғамдық және өзге де көліктер үшін)

Ұлытау облысында – жалпы ұзындығы 115 шақырым 1 автожолда.

  1. «Жезқазған-Петропавл» — Ұлытау к. — Қостанай обл. шек. (барлық көлік түрі үшін).

Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп ұстауға 379 бірлік техника және 777 жолшы жұмылдырылды.

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу