Украина Ресейді 60-тан астам дронмен атқылады

0
60

Владимир Зеленскийдің мәлімдемесінен кейін Ресейге 60-тан астам дрон шабуыл жасады. Шабуыл салдарынан ФСБ ғимаратына зақым келіп, Рязан облысындағы мұнай зауытынан өрт шыққан. Зауытта шыққан өрт сөндірілді.

Украиналық ұшқызсыз дрондардың Ресей аумағын атқылап жатқанына осымен екінші күн. Бүгін дрондар Рязандағы мұнай зауытын атқылады. Зауытта шыққан өрт салдарынан 2 адам зардап шеккен.

Ең көп шабуыл Воронеж облысына жасалған. Ресей әскері осы облыстың аумағында жаудың 40 дронын атып түсірді. Ресейде шабуыл астында қалған обыстардың саны алтау.

Зеленский бірнеше украиналықтың өмірін жалғаған Криовой Рогтағы атыс оқиғасы жауапсыз қалмайтынын мәлімдеген-ді. Ресей Қорғаныс министрлігі екі күнде 65 дронның көзін жойғанын мәлімдеді.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу