Елімізде ауа райы күрт өзгереді

0
66

Қазгидромет 19 қарашада бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын мәлімдеді.

Ауа райын болжаушы орталықтың дерегіне сенсек, Жамбыл, Түркістан және Жетісу облыстарында кейде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман және батыс жел, екпіні 15-20 м/с болады деп күтілуде. Ал Ұлытау облысының басым аумағында оңтүстік-батыс, батыс 15-20 жел, облыстың солтүстігінде, шығысында кейде екпіні 23-28 м/с болады деп болжанып отыр.

Орталық Қазақстандағы Қарағанды облысында көктайғақ күтілуде. Түнде Батыс жел 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында кейде қатты жаңбыр, тұман және солтүстік-батыс жел, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Атырау және Павлодар облыстарында Шығыс, оңтүстік-шығыс желдер, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады деп күтілуде.

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында көктайғақ, түнде боран болады деп күтілуде. Жел солтүстік-батыс, батыс түнде 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыс, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м / с.

Абай облысында көктайғақ, төменгі боран, тұман мен жел, екпіні 15-20 м/с болады деп болжанды.

 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу