«Барыс» қатарынан бесінші мәрте жеңіліп қалды

0
12

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, 7 қазанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Автомобилист» (Екатеринбург) командасына қарсы өткізді.

Кездесуді қазақстандық клуб сәтті бастады. Ойынның бірінші кезеңінде олар қатарынан екі шайба соғып кетті. Қазақстандық Максим Мухаметов 8-минутта есеп ашса, 10-минутта Майкл Маклауд басымдықты арттырды. Одан кейін ресейлік клубтан Ник Эберт 14-минутта мергендік танытты.

Командалар екінші кезеңде бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ.

Үшінші кезеңде «Барыс» хоккейшісі Станислав Бочаров 46-минутта гол соққанымен, одан кейін ресейлік клубтан Семён Кизимов 46, Анатолий Голышев 52, Брендан Лайпсик 54-минутта үш шайба енгізді.

Осылайша елордалық клуб қарсыласына 3:4 есебімен есе жіберіп, жаңа маусымдағы 12-ші жеңілістің ащы дәмін татты. Команда бесінші ойын қатарынан жеңіске жете алар емес.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу