Көктемгі егіске қажет дизель бағасы – 250 теңге

0
92
KAZINFORM. ҚР Энергетика министрі Алмас­адам Сәтқалиев көктемгі егіс жұмыстарына қажетті дизель отынының бағасы 20 өңірде де былтырғы деңгейде сақталатынын айтты.
«Биыл 22 қаңтарда Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрліктері 1 ақпан – 30 маусым аралығындағы «2024 жылғы көктемгі дала жұмыстарына 340,3 мың тонна дизель отынын жеткізу графигін» бекітті. 2023 жылғы баға өзгерген жоқ. Барлық 20 өңірдегі межелі стансада қосымша құн салығын қосқанда литріне 250 теңге болып бекітілді. Бұл жанармай құю стансаларындағы бөлшек сауда бағасынан 45 теңгеге арзан немесе 15 пайызға төмен» деді министр Үкімет отырысында.
Ведомство басшысы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арналған дизель қозғалысының ашықтығы мен бақылауын қамтамасыз ету үшін бірқатар шара қабылданғанын атап өтті. Олар: ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер дизель отыны үшін жеке ПИН-кодтар алды;
дизель отыны сары, көк және қызыл түске боялды;
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер операторларының ақпараттық жүйесінде дизель отынының жеке виртуалды қоймасы құрылды.
Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу