Ақтөбеде үй өртеніп, екі адамның денесі табылды
Ақтөбе қаласыда саяжай аумағындағы үй өртеніп, екі адамның денесі табылды деп хабарлайды KAZINFORM.
Ақтөбе қаласы Астана ауданы Дорожник бау-бақша ұжымында үй мен шаруашылық бөлмесі өртенді. Ауданы — 73 шаршы метр.
— Өрт сөндіру кезінде екі адамның денесі табылды. Өрт сөндірушілер үйден 8 газ баллонын шығарды,- деді Ақтөбе қаласы Алматы ауданя ТЖБ бастығы Аслан Арзымбетов.
Айта кетейік, жыл басынан бері қалада 92 өрт тіркеліп, 6 адам көз жұмды. Өрттің көбі тұрғын үй секторында болды. Материалдық шығыны 46 млн теңгеге жеткен.