Қаңтар оқиғасына байланысты бұрынғы Ішкі істер министрі ұсталды

0
63

Ерлан Тұрғымбаев ұсталды. Бұл туралы «Сөзбе-сөз» порталы Nege.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

«Біздегі дереккөздің хабарлауынша, дүйсенбі күні бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды. Мұндай шешімді арнайы прокурорлар Тұрғымбаевқа қатысты 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғаға байланысты қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында шығарды», — делінген ақпаратта.

Айта кетейік, қантардағы жағдайдан кейін Ерлан Тұрғымбаев Ішкі істер министрі қызметінен босатылып, президенттің кеңесшісі болып тағайындалған болатын. Кейінірек ол ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылым басшысының кеңесшісі болып тағайындалды.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу