Ақтөбеде жеңіл көлік велосипед мінген екі жігіттті қағып кетті

0
32

Ақтөбе қаласында жеңіл көлік пен велосипед соқтығысып, екі адам көз жұмды. Оқиға түнде болды.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша 23 шілде күні сағат 00:50-де қайғылы оқиға тіркелді. Қаладағы Ақжар-1 ауылы маңындағы айналма жолмен жүріп келе жатқан көлік жүргізушісі велосипедке соқтығысқан. Салдарынан велосипедтегі 25 және 26 жастағы екі жігіт көз жұмды.

— Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. «Kia» автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі қамауға алынды. Ол Ақтөбе қаласының тумасы, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. 

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу