ІІМ самокат пен мопед неше баланың өмірін қиғанын айтты

0
32

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев жыл басынан бері шағын көлік тізгіндеген жасөспірімдер неше рет жол апатына түскенін айтты.

«Жыл басынан бері мопед, самокат сияқты шағын көліктерді жасөспірімдердің тізгіндеуі салдарынан қанша көлік апаты болды?» — деп сұрады журналист ведомствоның онлайн баспасөз мәслихатында.

ІІМ өкілінің айтуынша, елімізде 10 баланың өлімі шағын көліктердің апатынан болған.

«Жалпы шағын көлік түрлерінің көбеюі жол-көлік қозғалысына едәуір әсерін тигізуде. Себебі мұндай көлікті пайдаланушылардың басым бөлігі жол ережесін сақтамайды және соңы, өкінішке қарай, қайғылы жайттармен аяқталады. Мысалы, мопед пен скутер тізгіндеген жасөспірімдердің қатысуымен 154 жол-көлік оқиғасы орын алған. Салдарынан кәмелетке толмаған 180 бала жарақат алып, 10-ы қаза тапты. Осы сәтті пайдаланып айтарымыз, жол қателіктерді кешірмейді. Ата-аналарға айтарым, балалардың әрбір әрекетін қадағалап, заң бұзуына жол бермеуіңіз қажет. Еске саламын, скутер, электр самокат, мопед дегендер ойыншық емес, жол қозғалысының толыққанды қатысушылары. Яғни, көлік болып есептеледі. Сондықтан ата-аналардан осы мәселеге мұқият қарап, қатаң бақылауларыңызды сұраймыз», — деді Шыңғыс Әлекешев.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу