Өзбекстанда Абай атындағы ғылыми-мәдени орталық ашылды

0
2

Бүгін Өзбекстанда Ш.Рашидов атындағы Самарқан мемлекеттік университетінің базасында Абай университетінің Абай атындағы ғылыми-мәдени орталығы мен қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінің салтанатты ашылуы өтті.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдениетаралық байланысты нығайту, ұлы ақын Абайдың әдеби мұрасын насихаттау, жастардың тіл үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Орталық көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыруға және екі университет студенттері арасындағы рухани байланысты нығайтуға да өз үлесін қоспақ.

Салтанатты іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Өзбекстанның Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігінің өкілдері, Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Бейбіт Атамқұлов, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Болат Тілеп, Самарқан мемлекеттік университетінің ректоры Рустам Халмурадов қатысты.

Болат Тілеп өз сөзінде екі ел арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу