Олимпиада жүлдегеріне қымбат көлік сыйлады

0
99

Париждегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевқа қымбат сыйлық жасалды.

Парижден оралып, Алматы әуежайына түскен дзюдошыларды жап-жаңа Toyota Land Cruiser 250 жол талғамайтын көлігі күтіп алды.

Toyota Land Cruiser 250 2,4 литрлік гибридті турбогенератор және сегіз жылдамдықты беріліс қорабымен жабдықталған. Автокөліктің қуаты — 326 ат күші. Ашық деректерге сәйкес, Қазақстан нарығында құны 31 миллион теңгеден басталады.

Еске салайық, дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Олимпиададаның қола жүлдегері.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу