Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу  басталды

0
69

Елімізде магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне хабарлағандай кешенді тестілеуді тапсыруға өтініш қабылдау ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында app.testcenter.kz жүзеге асырылды.

 

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге 8 мыңнан астам өтініш қабылданыпты. Ең көп таңдалған білім беру бағыттары қатарында «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бар.

Ведомство мамандары мәлімдегендей, шекті балдар өзгеріссіз қалды. Ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін 75 балл, бейіндік магистратураға түсу үшін 50 балл жинау қажет. Оқуға түсушілер кешенді тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда нәтиже шыққаннан кейін 30 минут ішінде онлайн-апелляция бере алады.

Магистратураға түсушілер 3 800 мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады. Оның ішінде «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» білім беру бағдарламасына 1 758 грант, Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистикаға» 569 грант, «Педагогикалық ғылымдарға» 469 грант бөлінген.

Әлеуметтік желіде бөлісу

Пікір жазу